6-10 мамыр аралығында Ақтауда жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері арасында ел чемпионаты өтті. Жарыста теріскейлік полицейлер жоғары деңгейдк өнер көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жүзу бойынша жазғы полиатлонда взвод командирі, полиция подполковнигі Марат Мусин топ жарды. Ал жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полицияның аға лейтенанты Ильяс Жұманов болса 35–39 жас санатында күміс жүлдегер атанды. Оның әріптесі полиция капитаны Нариман Тәшімов 24–34 жас санатында қола медаль жеңіп алды.
Төзімділікке жүгірумен бойынша қысқы полиатлонда Марат Мусин қайтадан жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ілияс Жұманов та өз жас санатында топ жарды. Нариман Тәшімов болса күмістен алқа тағынды
Тағы оқыңыз: Бүгін – Халықаралық музей күні

