Халықаралық музейлер күні 1978 жылы Халықаралық музейлер Кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі.Үкімет басшысының орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлерін құттықтады, деп жазады Qazaqstan Media.

Вице-премьер Қазақстанның музей ісі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, саланы цифрландыруға да ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Қазір барлық өңірдегі 284 музей E-museum бірыңғай жүйесіне қосылған. Цифрлық каталогқа 66 мыңнан астам жәдігер енгізіліп, 15 виртуалды тур қолжетімді болды. Аида Балаева Мемлекет басшысының бастамасымен тарихи сананы жаңғыртуға, мәдени мұраны сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге басымдық беріліп жатқанын жеткізді.

«Бүгінде Қазақстанның музей саласы — ауқымды әрі қарқынды дамып келе жатқан жүйе. Елімізде 286 музей жұмыс істейді. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған, ал музейлерге жыл сайын 6,5 миллионнан астам адам келеді. Бұл сандардың артында көрмелерге деген қызығушылық қана емес, қоғамның өз тарихын танып-білуге, мәдени сабақтастықты сақтауға деген терең сұранысы тұр. Қазіргі музей — мұраны сақтайтын орын ғана емес, тәрбие, ағарту және ұлттық болмысты нығайту ісінің маңызды арқауы», — деді ол.

Бүгін кешке еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Музейлер түні» акциясы өтеді. Келушілерге экскурсиялар, көрмелер, интерактивті бағдарламалар, шығармашылық кездесулер мен мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жарлық шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *