Мағжан Жұмабаев ауданындағы «НұрСенАгро» серіктестігіне 231 бас асылтұқымды ірі қара әкелінді. Айта кету керек, соңғы үш жылда облысқа тоғыз мыңға жуық қара мал әкелінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«НұрСенАгро» серіктестігіне Даниядан әлемдік сүтті мал шаруашылығындағы ең құнды тұқымдардың бірі джерсей сиыры әкелінді. Бұл ірі қара сүтіндегі май мен ақуыздың жоғары мөлшерімен, жемді жақсы қорытуымен және әртүрлі климаттық жағдайларға бейімділігімен танымал. Олардан шыққан ақ ірімшік өндірісінде кеңінен қолданылады.
Айта кету керек, соңғы үш жылда өңірге тоғыз мыңға жуық асыл тұқымды мал әкелінді. Нәтижесінде өңірдегі сүт өндірісі 16%-ға өсті. Осының арқасында СҚО сүт өндірісі бойынша ел бойынша көшбасшылар қатарына шығып келеді.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы өтпежолды жөндеуге бөлінген ақшаның 2 млрд теңгесі ұрланды

