Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында автокөлікті заңсыз иеленудің 12 фактісі тіркелген. Оның барлығында да полиция қызметкерлері кінәлілерді анықтады. Қазір облыста  ай соңына дейін   «Автокөлік ұрлығына тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде,  деп жазады Qazaqstan Media.

Өзгенің көлігін заңсыз мініп кету фактілерінің барлығының да сипаты бірдей.  Заң бұзғандар алкогольдік масаң күйде тәртіпсіздік жасаса, машина иелері  автокөліктерін құлыптамай қалдырып, кілттерін тұтандыру құрылғысында қалдырған.

«Мәселен, қаңтар айында Тайынша қаласының тұрғыны «ВАЗ 2110» автокөлігін жұмыс орнының жанында есігін ашық қалдырып, кілтін тұтандыруда қалдырған. Көп ұзамай көліктің жоғалғанын байқайды.  Алайда мас күйдегі айдап әкетуші көлікті басқара алмай, жол жиегінде тастап кеткен. Сол күні ұсталған күдікті жәбірленушінің 30 жастағы әріптесі болып шықты»-деп жазады CҚО ПД баспасөз қызметі.

17–30 сәуір аралығында облыста «Автокөлік ұрлығына тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Құқық қорғау органдары халықпен профилактикалық жұмысты күшейтті. Аула аумақтарына, бейнебақылау жүйелерін дамытуға және есепте тұрған тұлғалармен атаулы жұмысқа ерекше назар аударылуда.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде технология кабинеттері ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *