2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

2026 жылдың сегіз айында Солтүстік Қазақстан облысында еңбек қызметіне байланысты 20 жазатайым оқиға тіркелді. Соның салдарынан 22 адам зардап шегіп, екі жұмысшы қаза тапқан. Тергеу қорытындысы әрбір екінші жағдай бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз екенін көрсетті, деп жазады Qazaqstan Media.

Жыл басынан бері өндіріс орындарында 13 ауыр жазатайым оқиға болған. Бұдан бөлек, екі адам өлімімен аяқталған және екі топтық оқиға тіркелді. Тағы екі жағдай жеңіл, біреуі орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылған.

Мамандардың мәліметінше, еңбек жарақаттарының негізгі себебі — жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы. Барлық оқиғалардың 45 пайызында дәл осы фактор анықталған.

Тағы 20 пайыз жағдайда зардап шеккендердің өрескел абайсыздығы себеп болған.

«Оқиғалардың 10 пайызы қауіпсіз еңбек тәсілдеріне дұрыс үйретпеумен, тағы 10 пайызы еңбек және өндірістік тәртіпті бұзумен байланысты. Қалған жағдайларда ғимараттар мен жұмыс орындарының талапқа сай болмауы, жеке қорғаныс құралдарының болмауы немесе қолданылмауы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды», — деп хабарлады Qazaqstan Media редакциясының сауалына СҚО еңбек инспекциясы және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Тергеу нәтижесінде жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген.

Аяқталған тергеу материалдары құқықтық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *