Петропавлда зейнеткер саңырауқұлақ жеп уланған. Нәзікжанды ауыр халде болды, дәрігерлер оны аман алып қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына ауыр халдегі 85 жасар әйел жеткізілді. Ол қатты әлсіреген күйде болған. Жүректің айныған, іші ауырған. Белгілі болғандай, ол таңертеңгі асқа саңырауқұлақ жеген. Көршісі оған былтырғы әзірлеген саңырауқұлақ салынған құты берген.
Кішкене уақыттен кейін оның жай-күйі күрт нашарлай бастаған. Пациентке стационарда кешенді ем жасалды. Су-электролиттік бұзылуларды ретке келтіру мақсатында инфузиялық терапия, дезинтоксикациялық терапия, симптоматикалық ем (құсуға қарсы препараттар, асқазан-ішек жолдарының функцияларын түзету) тағайындалды.
Жүргізілген емнің нәтижесінде оң өзгеріс байқала бастады. Интоксикация белгілері жойылды, жағдайы тұрақтандырылды. Пациент үйіне шығарылды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда үйден өздігінен шығып, адасып кеткен үш жасар бала табылды

