Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өңір тұрғындарына қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты заңнама талаптарын түсіндіріп жатыр, — деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі бөлігі жастар арасында жүргізілуде, өйткені түрлі маскалар олардың арасында жиі қолданылады. Тәртіп сақшылары “Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін, бет-әлпетін толық жабатын киіммен жүруге тыйым салынатынын еске салады. Бұл талап ауа райы жағдайына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға байланысты, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде бет-әлпет жабылған жағдайларға қолданылмайды. Профилактикалық жұмыс “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында жүргізілуде. Полицейлердің мақсаты – жазалау емес, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тұрғындарға жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беремін деген алаяқ сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *