Солтүстік Қазақстан облысының ормандарында қауіпті зиянкес, жібек көбелегіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Өңір тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ұсынылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, жұмыстар 15 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Жалпы көлемі 22 мың гектардан астам орман өңделеді. Атап айтқанда, Аққайың, Жамбыл, Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандары қамтылады.
Өңдеу барысында Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «Децис Эксперт» препараты пайдаланылады. Мамандар тұрғындарға аталған аудандардағы мемлекеттік орман қоры аумағында омарта орналастырмауға, саңырауқұлақ, жидек, дәрілік өсімдіктер мен тамырлар жинамауға, сондай-ақ ағаш шырынын дайындамауға кеңес берілді.
«Облыс тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, сақтық талаптарын сақтауды сұраймыз», — деп хабарлады басқарма.
Тағы оқыңыз: СҚО-ға елге танымал оркестр келеді

