Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері киберқылмыстың 400-ден астам дерегі тіркелді. Келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірде дропперлік әрекет бойынша 58 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Мамандардың айтуынша, олардың арасында алаяқтардың арбауына түскен студенттер де бар. Осыған байланысты «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Ай сайын банк картасына шәкіртақы түсетін студенттер де киберқылмыскерлердің назарына ілігеді. Алаяқтар жастардың сеніміне кіріп, жеке деректерін иемденуге немесе банк шоттарын өз мақсаттарына пайдалануға тырысады. Кездесу барысында мамандар студенттерге жеке деректерді бөгде адамға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және банк картасын басқа тұлғалардың пайдалануына жол бермеу қажеттігін түсіндірді.

СҚО-да дропперлік әрекет бойынша 58 іс тіркелген
СҚО-да дропперлік әрекет бойынша 58 іс тіркелген

«Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері киберқылмыстың 400-ден астам дерегі тіркелді. Келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асты», — деді СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Милена Балацкая.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/ulttar-ligasyndaghy-saetsizdik-qazaq-fwtbol-qashan-damidy/

Поделиться:

Shares