Жыл басынан облыста екі заңсыз аңшылық дерегі анықталды. Келтірілген залал көлемі бес миллионға жуықтайды. Келеңсіз жайттың алдын алу мақсатында Петропавлда «Браконьерлікке жол жоқ!» акциясы өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Заңсыз аңға шығып, миллиондаған айыппұлмен үйге қайтқанша, жалпыға ортақ талаптарды ескерген абзал. Осыған байланысты Петропавлда «Браконьерлікке жол жоқ!» акциясы өтті. Шараға 100-ден астам аңшы қатысты.

СҚО-да биыл екі адам заңсыз аң аулап, бес миллион теңге төлеген
СҚО-да биыл екі адам заңсыз аң аулап, бес миллион теңге төлеген

«Соңғы үш жылдың ішінде заң бұзған үш мыңға жуық адам құқық қорғау және уәкілетті органдар тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жануарлар дүниесіне келтірілген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асып жығылды. Осыған байланысты аңшылықты ермек еткен жерлестерімізді жиып, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Браконьерлікке жол жоқ!» атты ауқымды акция өткізудеміз. Біздің мақсатымыз — аңшыларды табиғатты қорғауға шақыру, заңнама нормаларының талаптарын түсіндіру», — деді СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Ерұлан Бимендин.

Жыл басынан облыста екі заңсыз аңшылық дерегі анықталды. Келтірілген залал көлемі бес миллион теңгеге жуықтайды. Бүгінде оның барлығы өтелді. Дәлірек айтсақ, жылдың басында Қызылжар ауданындағы ерекше қорғалатын аумақта қабан атылған. Ал Жамбыл ауданында аңшы заңсыз елікті жайратып салыпты. «Браконьерлікке жол жоқ!» атты акция барысында аңшыларға арнайы жаднама қағаз да таратылды. Онда аңшылық уақыты, нендей талаптардың ескерілуі керектігі бойынша деректер жазылған.

СҚО-да биыл екі адам заңсыз аң аулап, бес миллион теңге төлеген
СҚО-да биыл екі адам заңсыз аң аулап, бес миллион теңге төлеген

Аңшылық үшін ең бастысы — тиісті құжаттарының болуы. Яғни, өзімен бірге аңшылық туралы жолдамасы, қаруға рұқсаты сынды құжаттары болғаны жөн. Тұяқты жануарларды аулау үшін лицензия керек, ал құстарды ату үшін сол төңірекке жауапты шаруашылықпен келісім куәлігі қажет. Осылар болса және аңшы нені олжалағанын жолдамасына жазып отырса, ешқандай мәселе туындамайды. Мұны бәрі біледі, бірақ кейбірі әуреленіп, ресми жұмыстармен жүргісі келмейді», — деді , «Солтүстік Қазақстан облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» ҚБ төрағасы Сергей Слепцов.

Айта кету керек, облыста аңшылыққа жататын жануарлардың 27 түрі және жойылып кету қаупі бар. Қызыл кітапқа енгізілген 11 жануар түрі мекендейді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ет тартқышта қолын жарақаттаған ер адамға ота жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *