Облыстық онкологиялық орталықтың дәрігерлеріне бір апта ішінде 922 адам жүгінген. Оның 36-нан қатерлік ісік анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыстық онкологиялық орталықтың дәрігерлеріне бір апта ішінде 922 адам жүгінген. Мамандар тұрғындарға қажетті медициналық көмек көрсетіп, 138 рецепт рәсімдеген. Сонымен қатар, 152 медициналық-дәрігерлік кеңес өткізілді.
«Осы кезеңде 58 адам диспансерлік есепке қойылған. Оның ішінде 33 адамнан аурудың I сатысы, ал үш адамнан IV сатысы анықталған», — делінген хабарламада.
Диспансерлік есепке қою – науқастардың денсаулығын тұрақты бақылауда ұстауға, қажетті тексерулерден өткізуге және емдеу шараларын уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Онкологиялық орталық мамандары тұрғындарға ауруды ерте анықтау үшін профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің маңызын еске салады.
Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында World Cleanup Day аясында көшеттер отырғызылып, сенбіліктер өтті

