Солтүстік Қазақстанда бүгін ауа райы күрт нашарлауы мүмкін. Өңірде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, ал желдің екпіні секундына 25-30 метрге дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі  «24KZ» арнасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Петропавлмен қатар Астана мен Қостанайда да қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 5 градус жылыдан аспайды. Қазірдің өзінде әлеуметтік желіде алғашқы қардың түскен туралы видеолар көп жарияланып жатыр. https://www.instagram.com/reel/DeGNlr0ou-f/?stkn=NG9lcjNlejh1azh6

Қолайсыз ауа райы еліміздің басқа өңірлерін де қамтиды. Қарағанды облысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Павлодар облысында жауын-шашын мен қатты жел болжанған. Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Батыста да кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Ал оңтүстікте күн жылырақ сақталады. Шымкент, Тараз және Түркістанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз 14-16 градус жылы болады.Синоптиктер қатты же л мен көктайғақ кезінде тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қарттар арасында өнер байқауы өтті

Поделиться:

Shares