Петропавлда қарттар арасында «Жастық шақ жүректе ән айтады» атты байқау өтті. Оған 40-қа жуық аға буын өкілі қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Дәстүрлі шара осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Байқауда бес аталып бойынша мықтылар анықталды. Қатысушылардың барлығы — зейнет жасынан асқан жандар.

Петропавлда қарттар арасында өнер байқауы өтті
Петропавлда қарттар арасында өнер байқауы өтті

«Шараның басты мақсаты — егде жастағы адамдарды қолдау, әлеуметтік байланысты нығайту. Байқаудс ұлттық құндылықтарға да ерекше мән берілген. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады, — деді Петропавл қалалық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Мұхамедәли Испанов.

Шараға 40-қа жуық адам қатысуда. Барлығы шеттерінен өнерлі. Қала тұрғыны Елена Аличева аталған байқауда жыл сайын бағын сынайды. Былтыр нәзікжанды «Жеке ән орындау» аталымында жеңімпаз атанған.

 

«Биыл топтық сайыста өнер көрсетемін. Құрамда 14 адам бар. Көрерменге арнап тосынсый дайындап әкелдік. Биыл да жеңімпаз атанатыныма сенім мол», — деді қатысушы.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/twghan-mektebine-ustaz-bolyp-oralghan-zhas-maman/

Поделиться:

Shares