«Қазгидромет» мамандары 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
19 мамырда өңірде антициклонның әсерінен күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы +20…+28 градусқа дейін көтеріледі.
Алайда 20-21 мамырда солтүстік циклонның ықпалынан СҚО аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейеді. Синоптиктердің мәліметінше, 21 мамыр күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы +10…+18 градусқа дейін төмендейді.
Айта кетейік, синоптиктер алдағы жаздың қалай болатынына да болжам жасаған болатын. Ол бойынша Солтүстік Қазақстанда жаз ыстық әрі құбылмалы болады. Синоптиктер маусымда үсік жүруі мүмкін екенін ескертті. Ал шілде мен тамызда найзағайлы жаңбыр жиі қайталанады
Тағы оқыңыз: СҚО-да бір күнде мас күйде көлік басқарған жеті жүргізуші анықталды

