ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесін дәстүрге сай, ұлттық нақышта атап өтуге шақырды. Ол айт күндері мешіттерде «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сондай-ақ мәдени-рухани кештер жоспарланған.

«Еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларға белсенді атсалысуға шақырамын», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Биыл Арапа күні 26 мамырға, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді. ҚМДБ мәліметінше, зулхижжа айының алғашқы он күнінде ізгі амал жасап, құлшылыққа көбірек көңіл бөлу маңызды. Арапа күні ораза тұту — сүннет. Ал Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу міндет саналады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады.  Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір күнде мас күйде көлік басқарған жеті жүргізуші анықталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *