Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері күн суытып, жаңбыр, қар жаууы мүмкін. Тұман болуы ықтимал. Синоптиктер сәуірдің соңына дейінгі болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа.
Синоптиктердің мәліметінше, екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы +2-7 градусқа жетсе, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Болжам бойынша, екінші онкүндік желді болады.
«Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Жауын-шашын көптеу болып көрінуі мүмкін. Бірақ, нормадан аспайды», — деп хабарлады “Қазгидромет” РМК СҚОФ.
Сәуір болмай, тәуір болмас. Үшінші онкүндікте күн күрт жылиды. Күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін барады деп күтілуде.
Жалпы алдағы күндері ауа райы Қазақстан бойынша салқын болады,деген болдам жасалып отыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда автокөлік өртенді

