СҚО-да алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
29-мамыр күні облыс аумағында бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ аралас жауын болуы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 9-14 метрге жетсе, күндіз 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +21…+23 градус шамасында болады.
30 мамыр күні облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +20…+25 градусқа дейін көтерілсе, шығысында +30 градусқа дейін ысиды. 31 мамырда да өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал. Ауа температурасы күндіз +28…+33 градусқа дейін көтеріледі.
Бірінші маусымнан бастап өңірде күн салқындауы мүмкін. Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндізгі температура +20…+25 градус шамасында болады. 2-5 маусым аралығында облыстың бірқатар ауданында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+18 градус, күндіз +20…+28 градус аралығында сақталады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған этнофестиваль өтті

