25 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Тексеріс өңірдегі сауда нысандарында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мониторингті ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің СҚО бойынша өкілдері облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп өткізді.

Іс-шара аясында Петропавлдағы «Алтын Арман» және «Дария» базарлары қамтылды. Мамандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесінің сақталуын тексерді.

Мониторинг қорытындысы бойынша тексерілген сауда орындарында заңмен белгіленген талаптар сақталғаны анықталды. Яғни әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемесі 15 пайыздан аспаған. Шекті мәннен жоғары баға қою фактілері тіркелмеді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай мониторингтер жүйелі түрде жүргізіледі. Оның басты мақсаты — баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқығын қорғау және азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауына жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданында 30 мың қарағай көшеті егілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *