Айыртау ауданында заманауи IT-орталық ашылды. Бұл — облыстағы 13-ші цифрлық хаб, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыста жүзеге асырылып жатқан «Digital Aimaq» жобасы қорытынды кезеңіне аяқ басты. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында заманауи IT-орталық ашылды. Цифрлық хаб «BotAi CREATIVE IT CENTER» деп аталады. Басты мақсат Ботай мәдениетінің археологиялық мұрасын заманауи технологиялармен ұштастыру.
Орталық республикалық «Ботай» музей-қорығымен бірлесіп жұмыс істейді. Оның ішіне:
* Робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару аймақтары;
* GameDev (ойын әзірлеу) және медиаөндіріс студиялары;
* Киберспорт алаңы мен коворкинг кеңістігі;
* Бағдарламалау негіздерін оқытатын IT-сыныптар кіреді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, орталықтардың жұмысы нақты KPI көрсеткіштеріне бағытталған. Туристік әлеуеті жоғары Айыртау ауданы үшін бұл IT-орталық туристік қызметтерді цифрландыру мен қауіпсіздік сервистерін дамытуға серпін береді. Орталықтың ашылуы аясында дрон технологияларын енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен аудан кәсіпкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамыту жөнінде бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданында Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналған көркемөнерпаздар байқауы өтті

