Бүгін СҚО аудандарында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Оның аясында құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара Тимирязев, Аққайың, Жамбыл, Шал ақын ауданы пен Петропавл қаласында өтті. Бұл акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Мысалы, акция шеңберінде Тимирязев ауданының тұрғыны өзін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабының 1-бөлігі бойынша азаматтық қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартумен келіспеген. Тиісінше, аталған мәселе бойынша құқық қорғау органдарының өкілдеріне шағымданды.
Қабылдау нәтижелері бойынша аудан прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі талап етті. Оны зерттеу барысында бұзушылықтар анықталды. Прокурорлар үкім күшін жоюды талап етті.
Ал Шал ақын ауданының тұрғыны Сергеевка қаласындағы үйлердің маңайын абаттандыру мәселесін көтерді.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы қала тұрғындарымен кездесті. Абаттандыру заңнамасын түсіндірді.
Акция барысында түрлі мәселелер бойынша облыстың 150-ге жуық тұрғыны қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлар 17 «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Оның аясында мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.
Тағы оқыңыз: Енді мамыргүл (сирень) жұлғандарға да айыппұл салынуы мүмкін

