Қазақстанда қоғамдық орында өсіп тұрған мамыргүлді жұлуға немесе сындыруға тыйым салынады. Мұндай әрекет үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, бұл 216 250 теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Полицияның мәліметінше, қызғалдақ сияқты мамыргүл де қоғамдық жерде өсіп тұрса, оны жұлу заң бұзушылық болып саналады. Бұл талап қала аумағында, саябақтарда, аулаларда және көше бойында өсіп тұрған гүлдерге қатысты.

Мамандар тұрғындарға әдемі гүлдерді жұлып алмай, табиғи қалпында сақтауға кеңес береді. Себебі қоғамдық аумақтағы өсімдіктер қала көркін арттырып қана қоймай, ортақ мүлік ретінде қорғалады.

Ал егер мамыргүл жеке аумақта өсіп тұрса, жағдай басқаша қаралады. Мұндай жағдайда жер иесі гүлдің бүлінгенін немесе жұлынғанын анықтап, келтірілген шығын үшін өтемақы талап ете алады. Сонымен қатар меншік иесі моральдық зиян өндіріп алу мәселесін де көтеруге құқылы. Оның нақты мөлшері заңмен шектелмеген және әр жағдай жеке қаралады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әйелдер гигиеналық құралдарына салықты жою бойынша петиция жарияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *