Қазақстан Ұлттық Банкі «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасын айналысқа шығарады. Жаңа монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында дайындалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Монета Алтын Орда дәуіріне арналған. Бұл мемлекет XIII-XV ғасырларда Еуразиядағы ең ірі әрі ықпалды мемлекеттердің бірі болған. Ол Шығыс пен Батыс арасындағы сауда байланысының дамуына, Ұлы Жібек жолы бойындағы алыс-берістің жандануына және қала мәдениетінің қалыптасуына үлкен әсер етті.

Коллекциялық монета 925 сынамалы күмістен жасалған және алтынмен жалатылған. Оның салмағы 62,2 грамм, диаметрі 50 миллиметр. Номиналы – 2 000 теңге. Барлығы 1 000 дана шығарылады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Ол ел аумағында белгіленген құны бойынша төлем құралы ретінде қабылданады. Сонымен қатар оны банктерде шотқа салуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады. Ұлттық банктің мәліметінше, оның сатылымға қашан шығатыны қосымша хабарланады.

Тағы оқыңыз: СҚО аудандарында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *