Шығармашыл жастарға таптырмас мүмкіндік! М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да мультимедиалық жоба байқауы жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Байқау 65 жылын ғылым мен білімге арнаған тау тұлға Зарқын Тайшыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған. Талап бойынша қатысушылар ел ағасының еңбек жолы жайлы үш минутқа дейін бейнежазба және шағын деректі фильм түсіруі тиіс. Конкурс жайлы бар ақпармен Қозыбаев университетінің аға оқытушысы Күләйхан Рахмет бөлісті.

«Байқаудың жүлде қоры қомақты. Бірінші орын алған жанға – 300 мың, екінші орынға – 200 мың, үшінші орынға – 100 мың теңге беріледі. Өңіріміздің «Журналистика»саласының дамуына қосқан үлесі зор тау тұлға туралы жазатын дүние көп деп ойлаймын. Осы сияқты байқаулар жас таланттарды анықтауға зор септігін тигізеді», — деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы.

Өтінім 18 мамырға дейін қабылданады. Ал байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері 22-мамырда анықталады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасы шығарылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *