«Солтүстік» ӘКК» АҚ он баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен

«Мектепке жол» акциясы аясында «Солтүстік» ӘКК» АҚ бірінші сыныпқа баратын балаларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүлдіршіндерге көмек көрсету туралы ұсынысты корпорацияға жастар ресурстық орталығының мамандары жасаған. Олар 10 баланың тізімін берген.   Оның үшеуі Петропавл қаласының тұрғындары екен. Осылайша, мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жалпы 400 мың теңгеден астам ақшаға кеңсе тауралары алынып, оқушыларға табысталды.

«Бұған дейін көктемде «Солтүстік» ӘКК » АҚ-ға «Spina Bifida қоғамы» қоғамдық қорының өкілдері Жезқазғанда тұратын кішкентай қызға көмектесуді өтінген болатын. Ерекше туған қызды әжесі жалғыз бағып отыр. Әлеуметтік желілер арқылы қоғам мүшелері 130 мың теңге жинаған. Ал мүгедектерге арналған арнайы арба құны 2 миллион теңге тұрады екен. «Солтүстік» ӘКК» АҚ Басқарма отырысында жезқазғандық балақайға 500 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Ақша қордың шотына аударылды», – деп хабарлайды «Солтүстік» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан 3 бірдей азамат ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x