Солтүстікқазақстандық 133 мыңға жуық баланың шотына Ұлттық қордан ақша түскен

Солтүстікқазақстандық 132 977 баланың шотына Ұлттық қор 13 366 848 АҚШ долларын аударған. Оның 745 мыңнан астамы биыл 18 жасқа толатын 7418  тұрғынға тиесілі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша статистиканы жариялады. Онда қанша баланың шотына қаражат түскені туралы айтылған. Ақша 6 919 131 қазақстандықтың (01.01.2006 жылдан бастап 31.12.2023 жылға дейін туған балаларға) шотына аударылған. Жалпы сомасы – 695,5 млн АҚШ доллары. Оның 30,6 млн долларынан астамы 18 жасқа 2024 жылы толатын (01.01.2006 жылдан бастап 31.12.2006 жылы туған балалар) 304 815 қатысушыға тиесілі екен.

Солтүстікқазақстандық 133 мыңға жуық баланың шотына Ұлттық қордан ақша түскен
Солтүстікқазақстандық 133 мыңға жуық баланың шотына Ұлттық қордан ақша түскен

Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерден бағдарламаға қатысушы балалардың ең көбі Түркістан облысында (922 841 балаға 92 763 977,32 АҚШ доллары есептелген) тұратынын көруге болады. Екінші орында – Алматы қаласы (666 443 балаға 66 990 850,36 АҚШ доллары есептелген). Ал үшінші орында – Алматы облысы (608 711 балаға 61 187 629,72 АҚШ доллары есептелген) тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан Ұлттық қорынан барлық балаларға 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелген. Ол жыл сайын Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алуы есебінен ұлғайып отырады.

«Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауаптар алуға болады. Сондай ақ ата аналар әрбір балаға есептелген сомалар туралы деректерді egov.kz порталындағы жеке кабинетінен де тексере алады. Кәмелетке толған азамат нысаналы жинақтарын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінен, БЖЗҚ ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады», – делінген БЖЗҚ сайтында көрсетілген ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері он күн ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 75 фактісін тіркеді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x