Солтүстікқазақстандық диқандар егін егу науқанын аяқтады. Биыл шаруалар 4,5 млн га жерге дән еккен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл аграрийлер дәнді дақылдарды 3,4 млн га жерге септі. Майлы дақылардың алқабы-751 мың га. Қалғанына көкөніс, жем-шөп азығы егілді. Бұл жұмыстарға 13 мыңға жуық түрлі трактор, 1,5 мың өнімділігі жоғары кешен жұмылдырылды.


«Аграрилер арзан бағадағы жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Қазір минералды тыңайтқыштарды енгізу бойынша жұмыс атқарылып жатыр. 256,6 мың тонна тыңайтқышты 3 млн га алқапқа енгізу жоспарда бар. Биыл ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттен 60 млрд теңге бөлінді», – деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда электр көлігін қуаттайтын станция орнатылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x