[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/00099.MTS_snapshot_02.53.127-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Солтүстікқазақстандық спортшы Михаил Литвин елге оралды. Спортшы үшін Х Азия чемпионаты олжалы болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жуырда Астана қаласында жеңіл атлетикадан өткен Х Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 2 орынды иеленді. Қанжығамызда 12 медаль бар. Соның екеуі солтүстікқазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвиннің қоржынында. Спортшы алдымен 400 метрге жүгіруден сынға түсіп күміс медальды еншілесе, эстафетада мәре сызығын бірінші болып кесіп алтыннан алқа тағынды.

«Қысқы маусымды қорытындылайтын болсақ, нәтижеге көңілім толады. 2 медаль меніңше жақсы көрсеткіш. Жалпы командалық жарыстарда өзімізді жақсы жағымыздан көрсеттік. Әрине жекелей сайыстарда одан да  биік нәтижеге қол жеткізуге  болатын еді, бірақ аздап тәжірибе жетіспей қалды», -дейді Х Азия чемпионатының жеңімпазы Михаил Литвин.

Спортшының мұндай жетістіктерге жетуіне өз үлесін  қосқан азаматтардың бірі – Александр Окованцев. Тәжірибелі бапкердің айтуынша, ол Михаилды 2012 жылдан бері жаттықтырады.  Білікті маман болашақ чемпионды  спорттың бұл түрімен  айналысуға  біраз уақыт көндірген  екен.

«Бастапқы кезден-ақ, оның бұл спортқа деген қабілеті  бар екені көрінді. Оның жылдамдығы да, төзімділігі де жақсы болатын. Ең бастысы Михаилдың чемпионға тән мінезі  маған ұнады. Ол жеңілісті мүлде ұнатпайды», — дейді М.Литвиннің жаттықтырушысы Александр Окованцев.

Жерлесіміз, кішігірім үзілістен кейін Қырғызстанға аттанып оқу-жаттығу жиындарын бастамақ.

 

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/00084.MTS_snapshot_00.09.535.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *