[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/i-1.webp» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлда көктайғақтан құлап жарақат алғандардың саны артуда. Сағат таңғы 11-ге дейін емдеу мекемесіне 21 адам жүгінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы 11-ге дейін емдеу мекемесіне 21 адам жүгінген.

«Негізінен бізге қол-аяғы сынған және құлап жарақаттанғандар жүгінуде. 2 адам ауруханаға жатқызылды. Көктайғаққа байланысты емдеу мекемесіне жүгінгендер саны күрт өсті. Айталық, кеше бір күнде ауруханаға 32 адам келген еді», – дейді көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.

Облыс орталығында жол көлік оқиғаларының саны да артқан. Полиция департаменті әзірге, ондай 5 факт тіркелді деп отыр.

«Көктайғаққа байланысты жол қозғалысын бақылау күшейтілді. Автопатрульдер оқу орындарына жақын орналасқан. Сондай-ақ, патрульдік полиция батальонының түнгі ауысымы өз бағыттары бойынша жұмысын жалғастыруда. Таңертеңнен бастап қала көшелерінде арнайы техника жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлері тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x