Шілде айында ауа температурасы +18+20 градус шамасында болмақ. Бұл айда жауын-шашын мөлшері нормадан асады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазгидромет өкілдерінің мәліметінше, алдағы демалыс күндері СҚО-да күн ыстық болады. Дегенмен, жауын жауып, найзағай түсіп, бұршақ жауады деген болжам бар. Алдағы күндері желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, тұман түсуі ықтимал. Синоптик мамандардың ақпаратынша, айдың екінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Мәселен, түнде +17+22°С-дан +10+15°С-ке дейін, күндіз +28+33°С-тан +20+25 градусты құрамақ. Үшінші онкүндікте күн қайтадан ысыди деп болжанып отыр. Шілдеде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары түсуі мүмкін. Жиі жаңбыр жауып, найзағай түседі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қоршаған ортаға зиян келтірген шаруа қожалығы айыппұл арқалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x