экология

Солтүстік Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтірген шаруа қожалығы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Шал ақын ауданындағы Афанасьевка ауылының маңындағы орман алқабында минералды тыңайтқыш төгіліп, ағаштар қурап қалған еді. Улы зат жергілікті «Asуl Farms» серіктестігіне тиесілі болып шықты. Мамандардың айтуынша тыңайтқыш құйылған цистернаның бұрандасы ашылып кеткен. Салдарынан 4 тонна сұйықтық жерге төгілген. Адам және жануарлардың улану дерегі тіркелген жоқ. Келеңсіз жағдайдан кейін облыстық экология департаменті жоспардан тыс кешенді тексеріс жүргізді. «Asуl Farms» серіктестігіне 1 млн 200 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар шаруашылық топырақ пен орманды қалпына келтіруге міндеттелді.

 «Жер учаскесін әртүрлі реагенттермен қалпына келтіре алмаса, осы жер учаскесін қайта қазып, зардап шеккен бөлікті утилизацияға жіберіп, жаңадан ер әкеліп, сосын әртүрлі шөп, ағаштар отырғызып, осындай жұмыстар жасауы керек, – дейді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №1 емхананың директорына қатаң сөгіс жарияланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x