«Севказэнергосбыт» ЖШС жылу энергиясын негізгіз көтерген

«Севказэнергосбыт» ЖШС жылу энергиясын негізгіз көтерген. Заңбұзушылықтар үшін сот ұйымды қайта есептеу жүргізуге міндеттеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2022-2023 жылғы жылыту маусымы кезінде тұрғындар жылу энергиясы үшін әдеттегіден көп ақша төлеп жатқандарын байқап, шағымданған. Өтініштерден кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Севказэнергосбыт» серіктестігін тексерді. Нәтижесінде, бірқатар бұзушылықтар анықталып, жылу энергиясы үшін төлемнің неліктен өскені белгілі болды. Аталған факті бойынша департамент өкілдері облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жіберді. Сот шешіміне сәйкес, ТМРКД-ның «Севказэнергосбыт» ЖШС-на қойған талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидасының 280-тармағының 2) тармақшасын пайдалана отырып, 2022-2023 ж. жылыту маусымында жалпы үйді есепке алу құрылғысы бар көппәтерлі үйлерде орналасқан тұрғын емес үй-жайларда жұмыс істейтін тұтынушыларға жылу энергиясы үшін жүргізген төлем бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның әрекетін сот заңсыз деп таныды. Сондай-ақ «Севказэнергосбыт» ЖШС-ны аталған тұрмыстық емес тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді міндеттеді» , – деп таратты департамент өкілдері.

Енді «Севказэнергосбыт» серіктестігі 1250 тұтынушыға жалпы сомасы 96 млн. 232 мың теңгені қайта есептеуі тиіс. Шешім заңды күшіне енген жоқ, субъект осы шешімге апелляциялық тәртіппен шағымдануға құқылы.

Тағы оқыңыз: «Qyzyljar» ФК алматылық «Қайратты» жеңді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x