Алты мыңға жуық шақырымды бағындырған «Serpin Way» автобусы елге оралды. Кәсіптік бағдар беру үшін оңтүстік өңірлерге аттанған М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушылары 18 күндік жұмысының нәтижесін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Serpin Way» автобусы сәуірдің 1-і кәсіптік бағдар беру үшін оңтүстік өңірлерге аттанған болатын. Оның құрамына М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері ғана емес, сонымен қатар Петропавл қаласындағы Мансап орталығының қызметкерлері де енген. Олар түлектерге Серпін» бағдарламасы, жоғары оқу орнына түсу жолдары мен гранттар жайлы айтып,  Аризона университетімен ынтымақтастық жайында баяндады.

«Біздің команда Оңтүстік Қазақстан өңірлері бойынша өз бағдарламасын сәтті аяқтады. Алты мыңға жуық шақырым жол жүрдік. Барлық жоспарланған елді мекендерге барып, іс-шаралар өткіздік. Кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өтті. Халықпен, соның ішінде мектеп түлектерімен 40-қа жуық әртүрлі форматтағы кездесулер өткізілді», — деді Қозыбаев университеті ректор кеңсесінің жетекшісі Ғабит  Мүсірепов.

«Serpin Way»: Қозыбаев университетінің оңтүстік өңірлерге жасаған сапары сәтті аяқталды

Айта кетейік, бүгіндері Қозыбаев университетінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 167 студент білім алып жатыр. Олардың 65-і биыл жоғары оқу орнын тамамдайды. Ал биыл осы жоба бойынша өңірге тағы  200-ге жуық квота бөлінген.

«Serpin Way»: Қозыбаев университетінің оңтүстік өңірлерге жасаған сапары сәтті аяқталды

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Заречный кентіне апаратын жол жабылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *