12-ші мамырда «Sensitive» би театры Астанада өнер көрсетеді. Жерлестеріміз елордадықтардың назарына «Ботай» этнопластикалық қойылымын ұсынбақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Sensitive» би театры «Астана балет» театрында «Ботай» этнопластикалық қойылымын ұсынады. Туындының сюжетіне тоқталсақ, Күн мен Жер ана әлемге бір мезгілде нәресте мен Киелі бие рухынан туған құлын сыйлады.
Олардың тағдырлары қатар өрбіді: бала Жердің үнін тыңдауды үйренсе, Желқанат – адамның тынысын сезінуді үйренді. Олардың қарым-қатынасы достыққа айналып, кейін сынақтарға тап болды. Енді екеуіне бірге сынақтардан өтіп, жаңа пана табу қажет.
Шара сағат 19:00-де басталады. Өтетін орны- «Астана Балет» театры. Мекенжайы: Ұлы дала даңғылы, 43. Сәбит Мұқанов атындағы сазды-драма театры елордалықтарды асыға күтеді.
Тағы оқыңыз: Бүгін — Аналар күні

