СҚО тұрғындары алкогольді көп ішетін өңірлердің төрттігіне енді

Қазақстанда алкоголь ішіп, психикалық ауытқуларға ұшыраған тұрғындар саны көбейген. Республикалық писхикалық денсаулық орталығының мамандары, олардың қатары 0,2 пайызға артқанын айтуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі  Zakon.kz. сілтеме жасап.

Арақ-шарап көп ішетіндердің көшін Солтүстік Қазақстан облысы, Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бастап тұр. Нақтырақ айтсақ:

Солтүстік Қазақстан облысы – 5451 (100 мың тұрғынға 1011,1),

Абай облысы – 5613 (100 мың тұрғынға 917,3),

Павлодар облысы – 6767 (100 мың тұрғынға 776,1),

Шығыс Қазақстан облысы – 6082 (100 мың тұрғынға 829,9).

Миллион тұрғыны бар Алматы қаласы болса, тізімнің соңында екен, 3 452 (100 мың адамға 164,3).

Маңғыстау мен Алматы облысының тұрғындары да спирттік ішімдікті аз ішеді екен.

Бірақ наркологтар жастар арасында алкогольдік коктейль ішетіндердің көптігіне алаңдаулы. Олар алкогольдік ішімдіктің ауыры не жеңілі болмайды. Оған сыра немесе шарапқа тәуелді болғандар дәлел дейді.

Коктейлдердің арасында ең ауыры ол, джин мен тоникті немесе арақты кока-коламен араластырылғаны екен. Мұндайды ішкен адам таза аклкогольді ішкеннен де тез мас болады. Құрамында спирті бар энергетиктер де зиян. Олар инсульт, жүрек ауруына, қан қысымына әкелуі мүмкін.

Наркологтар бірауыздан, тіпті алкогольдің кішкене мөлшері де денсаулыққа үлкен зиян келтіреді деп отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қоғамдық кеңес мүшелері оқушыларды мектепішілік еңбекке араластыру қажет деп санайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x