СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Асхат Джакипбеков тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Асхат Саттарханұлы Джакипбеков 1978 жылы туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын тәмамдаған, юриспруденция магистрі.

Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған.

2001-2021 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық қызметтерде болды.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Ал бұған дейін осы лауазымда болған Сергей Перов Қарағанды облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін басқарады.

Тағы оқыңыз: Асханасы жоқ мектептерде оқушылар қалай тамақтанады?

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x