СҚО-да мемлекеттік сатып алу процесінде олқылыққа жол берген 5 қызметкер жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстанда білім бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу процесінде олқылыққа жол берді. Оны прокуратура органдары дер кезінде анықтаған, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Шілде айында Қызылжар ауданының білім бөлімі Соколовка орта мектебінің шатырын жөндеу үшін 17,5 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған. Бірақ, құжатта міндетті болып табылатын техникалық сипаттама болмай шықты. Бұл мекеме қызметкерлері жіберген жалғыз қателік емес.

«Қызылжар ауданы білім бөлімінің қызметкерлері сомасы 1.4 млн. теңге болатын балаларға арналған ойын алаңын сатып алуға конкурс жариялау кезінде де олқылыққа жол берген. Мамандар техникалық сипаттамада қауіпсіздікке сәйкестік сертификатының болуын көрсетпеген. Тек аудандық прокуратура өкілдері іске араласқан соң ғана  жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алулардың күші жойылды», – делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Олқылыққа жол берген Қызылжар ауданы білім бөлімінің 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал мемлекеттік сатып алулар қайтадан жарияланды.

Тағы оқыңыз: СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x