СҚО полицейлері суицид жасамақ болған азаматты құтқарып қалды

СҚО-да полицейлер суицид жасамақ болған азаматты құтқарып қалды. Ер адам 20 метр биіктіктен секірмек болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Аққайың ауданында орын алды. Ер адам Смирново ауылының су мұнарасына шығып алып, 20 метр биіктіктен секірмек болған. Оны көрген ауыл тұрғындары бірден Аққайың ауданының полиция бөліміне хабар берген. Оқиға орнына бірден полиция, құтқарушылар, прокуратура мен дәрігерлер жетті. Сол жерде онымен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Руслан Байжанов келіссөз жүргізді. Содан кейін мұнараның төбесіне ЖПҚ бөлімшесінің бастығы Александр Лизун көтеріліп, 44 жастағы тұрғынды жерге түсірді.

«Ауыл тұрғынының эмоционалды жағдайын ескере отырып, басты міндет оны секіруден сақтау болды. Ұзақ уақыт бойы онымен сөйлесіп, тыныштандыруға тырыстым. Сәтті жағдай пайда болған кезде қолынан ұстап, төмен жаққа түсуге көндірдім. Баспалдақта полиция бастығының орынбасары Николай Попов күтіп тұрды, түсу кезінде ол ер адамды сақтандырып тұрды», – деді Александр Лизун.

Қазіргі уақытта ер адаммен психолог жұмыс істеп жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарып қалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x