Әйел адамдарға қандай жағдайда шаш қидыруға болмайды?

Әйел адамның шашына байланысты қоғам арасында көптеген тыйымдар бар екенін білеміз. Бұл ретте дін өкілдері не дейді? Қыз баласының көркін келтіретін шашты жалпы қидыруға бола ма, қандай ескеретін жайттар бар? Qazaqstan Media тілшісі «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы Қасымхан Исаевпен тілдесіп, сұрақ жауабын білді.

Кейбір деректерде мұсылман әйелдерге шаш қиюға болмайды деп жатады. Бірақ, бұл теріс пікір екен. «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы Қасымхан Исаевтың айтуынша, ер болсын, әйел болсын шариғатта шаш қиюға тыйым жоқ.

«Оған дəлел ретінде Муслимде келген Абу Хурайра (р.а.) жеткізген хадисін айтсақ болады. Ол хадисте: «Пайғамбарымыздың жұбайлары шаштарын қысқартатын еді» делінген», – дейді дін өкілі.

Алайда, діни тұрғыда қыз-келіншектерге 4 жағдайда шаш қиюға болмайды:

  1. Әйелге ерлер секілді тым қысқа етіп шашын қиюға болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) əйелдердің ер адамға ұқсауына тыйым салған. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күнінде Алла назар аудармайтын үш кісі бар. Олар: Ата-ананы құрметтемейтіндер, еркекке ұқсауға тырысатын әйелдер және өз жарын қызғанбайтын еркектер» деген.
  2. Шашын бөгде ерлерге көрсету үшін қиюға болмайды.
  3. Шашын бөтен ерлерге қысқартуға тыйым салынған.
  4. Күйеуінің рұқсатынсыз шаш қысқартуға болмайды.

Діни тұрғыда әйел адамға шаш бояуға да рұқсат етілген. Тек шариғаттың шеңберінен шығып кетпеу керек. Шашты қына тәрізді табиғи өнімдерден жасалған бояғыштармен бояған дұрыс.

«Әйел күйеуінің алдында әдемі көріну мақсатында шашын қара түске бояуға болады. Ал ер кісілерге шашын қарамен бояу – мәкруһ. Су өткізбейтін бояғыш заттар дәретке кедергі келтіреді. Оны кетіру шарт. Ал бояғыштың суды өткізетінін немесе өткізбейтінін арнайы мамандарынан сұраған жөн», – дейді Қасымхан Исаев.

Қыз-келіншектерге діни тұрғыда шашты жайып жүруге рұқсат етілмеген.  Оған себеп:

«Балиғат жасына толған әр қыз баласы әурет жерін жабу парыз болады. Ал шаш әуретке жатады», – дейді «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы Қасымхан Исаев.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері суицид жасамақ болған азаматты құтқарып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x