СҚО ПД: су басқан аудандарда  резеңке қайықпен жүру қауіпті

Петропавлдағы су басқан Ойқала шағын ауданын полиция қызметкерлері тәулік бойы патрульдеуде. Сақшылар эвакуацияланған тұрғындардың мүліктерін күзетіп қана қоймай, мүмкіндігінше үй жануарларын да шығарып жатыр,  деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

15 сәуір күні кешке таман аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері резеңке қайықпен жүрген екі ер адамды байқайды. Олар Герцен көшесіндегі үйлердің бірінің шатырына келген. Полицейлер ер адамдардың жеке басын анықтау үшін оларды Потанин көшесіндегі өткізу бекетіне жеткізді. Анықталғандай, олардың біреуі – үйдің иесі, ал жанындағы – туысы екен. 38 және 27 жастағы азаматтар үйде қалған заттарын, мүліктерін тексеруге келіпті.

«Қала тұрғындарымен профилактикалық сипатта әңгімелесу жүргізілді, – дейді Петропавл қ. полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. – Суы терең жатқан аумақта жүруге тыйым салынған. Қазіргі уақытта азаматтардың қалдырған мүліктерін полиция қызметкерлері күзетке алды. Тонаудан қорғауда. Олардың қызметіне кедергі жасамаңыздар. Үрлемелі қайықпен жүру өте қауіпті екенін еске саламыз. Су астында ағаштардың бұтақтары, темір қоршаулар немесе қайықты зақымдайтын басқа затттар болуы мүмкін».

Қажет болған жағдайда азаматтар төтенше жағдай жөніндегі штабтың рұқсатымен және құтқарушылармен бірге су басқан үйлеріне бара алады.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x