көмір

СҚО-ның теміржол тұйықтарында қысқа арналған көмірдің 40 мың тоннасы жатыр. Мамандар облыс тұрғындарын көмірді ерте сатып алуға шақырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жұмысшы кентіндегі мына тұйыққа күніне 20-30 көлік келіп көмір сатып алады. 1 тонна көмірдің бағасы 17 мың теңге. Осы жылы бұл жер биржа бойынша 60 мың тонна «Шұбаркөл» көмірін ұтып алды. Қазіргі таңда оның 15 мың тоннасы әкелінген. Қалған 45 мың тонна кесте бойынша ай сайын беріліп отырады. 

«Осы айда 61 вагон, келесі айда 76 вагон келеді. Ал, қыркүйек, қазан, қараша айларында 104 вагон жеткізілуі тиіс. Кейін желтоқсан айында көмір тиелген 80 вагон келеді деп күтілуде», – дейді «Жан» ЖК менеджері Мұратхан Тұрмағанбетов.

Жалпы, өңірдің көмірге қажеттілігі – 420 мың тонна. Тұйық қызметкерлерінің айуынша, жаз айларында көмірге деген сұраныс төмен. Бірақ күзде жағдай өзгеріп, халық мұнда ұзын-сонар кезекке тұрады. Сол себепті мамандар қыс мезгіліне ертерек қамдануға кеңес береді. 

«Көмір жаз бен күзде ғана емес жылыту маусымы кезінде де, үнемі жеткізіліп отырады. Дегенмен, көпшілік қара отынды күзде алады. Сол уақытта кезек көбейіп кетуі мүмкін. Сондықтан уақыт жоғалтпас үшін қазірден бастап тұйықтарға келіп, көмірді ала беруге болады. Бағасы әрине, түрі мен сұрпына байланысты. Тоннасы 12,5 мың теңге мен 20 мың теңге аралығында», – дейді СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Евгения Островская.

Бүгінгі күні облыс тұйықтарында шамамен 40 мың тонна қара отын қоры бар.

Тағы оқыңыз: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x