СҚО-ның медициналық ұйымдарына 19 жаңа көлік берілді

Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары жаңа көліктермен толықты. Медициналық санитарлық көліктердің кілтін облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов табыстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірдің аурухана, емханалары үшін 19 автокөлік сатып алынған. Оның 10-ы Петропавлдағы медициналық ұйымдарға беріледі. Қалғаны елді мекендердегі мекемелерге тиесілі.

СҚО-ның медициналық ұйымдарына 19 жаңа көлік берілді

“Жаңа көліктердің 12-сі Соболь маркалі автокөлік. Оның 4-уін жедел жәрдем станциясына бердік. Қалғаны аудандарға жөнелтілді. Сонымен қатар, Қостанайда құрастырылған 7 JAC маркалі көлігі сатып алынды. Олар қала емханаларына үлестірілді”, – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

СҚО-ның медициналық ұйымдарына 19 жаңа көлік берілді

Қаражат жағына келсек, техникаға ақша республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген. Соболь автокөлігінің біреуі 24 млн теңге тұрады. JAC-20 млн теңге. Қазіргі кезде облыстың медициналық ұйымдарын машинамен толық қамту үшін тағы 52 көлік қажет екен. Ол үшін жауапты ведомство қостанайлық машина шығаратын зауытпен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Жалпы аурухана, емханаларды техникалық жабдықтау үшін биыл 5,1 мдрд теңге бөлініп отыр.

Тағы оқыңыз:Қазақстандықтардың зейнетақы салымдары жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x