СҚО-да жол апатынан бір адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстанда жол-көлік апатынан бір адам қаза тауып, екіншісі аураханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 17 қыркүйек күні сағат 23-10 шамасында «Челябі – Новосібір» автожолының 520 шақырымында орын алған. Петерфельд ауылының маңында «Lexus» және «ЗИЛ 131» автокөліктері соқтығысып, алғашқысының ішінде отырған жолаушы қаза тапқан. Қайтыс болған әйелдің жасы 27-де болған. Ал 56 жастағы ер медициналық мекемеге жатқызылды.

«43 жастағы «ЗИЛ 131» автокөлігінің жүргізушісінен медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды. Алдын ала болжам бойынша – мас емес. Көлік құралдары арнайы автотұраққа орналастырылды. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x