Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Қазан айында қазақстандықтар Республика күнін тойлайды. Сондықтан алдағы айда демалыс күндерін есептемегенде ел халқы қосымша тағы бір күн демалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазан айында 10 күн демалатын болады.
Ал жұмыс аптасының алты күнінде еңбек ететіндер 6 күн демалады. Өйткені, келер айдың 25-і күні елімізде мемлекеттік мереке. Қазақстандықтар Республика күнін тойлайды.

Еске сала кетейік, Республика күні 2009 жылы мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған болатын. Ал араға 13 жыл салып қайтадан атаулы даталар тізіміне енгізіліп, былтыр ел халқы мерекені қайтадан тойлай бастады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жетімнің баспанасын қамқоршысы жалға беріп келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x