СҚО-да зейнет жасындағы 300-ге жуық медицина қызметкері бар

СҚО-да зейнет жасындағы 300-ге жуық медицина қызметкері әлі жұмыс істейді. Олардың 124-і дәрігер, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде 6503 медицина қызметкері бар. Солардың 1471-і дәрігер.

Бүгіндері облысымызда 200-ге жуық маман тапшы. Аймағымызға 144 дәрігер жетіспейді. Тағы 150 медицина қызметкеріне қажеттілік бар.

«Өңірге 19 – жалпы тәжірбиедегі дәрігер, 10 – терапевт, 14 – акушер-гинеколог, 9 – педиатр жетіспейді. Маман тапшылығы, әсіресе қалалық №2 емханада сезіледі. Мұнда 16 дәрігерге қажеттілік бар», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.

Сондай-ақ бүгіндері өңірде зейнетке шықса да жұмыстан қол үзбеген 256 медицина қызметкер бар. Олардың 124-і дәрігер.

«Қалған 132-сі орта медицина қызметкері. Сонымен қатар зейнетке шыққан жандар медициналық ұйымдарға жетекшілік те етіп жүр. Айталық, психикалық денсаулық сақтау орталығы, сәбилер үйі, облыстық қан орталығы мен облыстық арнайы құралдармен қамтамасыз ету базасының директорлары зейнет жасындағы адамдар», – деп нақтылады Нұржан Тағаниязов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тоғыз ірі қара малдан бруцеллез анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x