СҚО-да су тасқынының екінші кезеңі басталды

Солтүстік Қазақстанға су тасқынының екінші кезеңі келіп жетті. Бүгін Тоқсан би ауылы маңындағы Есіл өзенінің деңгейі үш см көтерілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақмола облысындағы Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендеріндегі су деңгейі көтеріліп, Есіл бойымен аққан су Солтүстік Қазақстанға жетті. Осы уақытқа дейін деңгейі төмендеп келе жатқан Тоқсан би ауылы маңындағы Есіл өзені тағы үш см көтерілген.

Қазір су тасқынының шарықтау шегі облыс орталығында тіркелген. Петропавл су торабындағы су деңгейі 1340 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 960 см-ді құрайды.

«Долматово ауылы маңындағы Есіл өзенінде қазір су деңгейі 1425 см-ді құрап отыр. Ал қауіпті көрсеткіш – 1450 см. Мұнда су тасқынының бірінші кезеңінің шарықтау шегі 17 сәуір күні болады деп күтілуде», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК СҚОФ директоры Қымбат Мерғалымова.

Сондай-ақ синоптиктер су тасқынының екінші кезеңі қай гидрологиялық бекетте қашан өтетіндігін болжады.

СҚО-да су тасқынының екінші кезеңі басталды

-Тоқсан би ауылы маңындағы Есіл өзенінде – 15-20 сәуір аралығында;

-Сергеев су қоймасында – 16-21 сәуір аралығында;

-Покровка ауылында – 18-23 сәуір аралығында;

-Новоникольское ауылында – 20-25 сәуір аралығында;

-Петропавл қаласында – 22-27 сәуір аралығында.

Тағы оқыңыз: Су тасқыны кезінде өткір соқырішекпен ауырған балаға көмек көрсетілді

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x