[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1-9.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»]

Солтүстік Қазақстанда бүгінгі күні 8 Ұлы Отан соғысы ардагерінің көзі тірі. Қарт майдангерлер де сайлауда белсенділік танытып жатыр. Солардың қатарында Қожатай Некібаев та бар. Ол үйде отырып дауыс берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

17 жасында сұрапыл соғысқа аттанып, Венгрия мен  бұрынғы Чехославакия елдерін жаудан азат етуге қатысқандардың бірі – Қожатай Некібаев. Жауынгер қанды майданнан 1948 жылы оралып, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнады. Ол осы күнге дейін белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп келеді.

«Елімізде тиыштық, бірлік, бейбітшілік заман болсын. Осындай сайлауларда біз әрқашан дауыс беруге дайынбыз. Депутаттарға абыройлы еңбек етуге тілектеспін», – дейді ҰОС ардагері Қожатай Некібаев.

Қожатай Некібаев бұған дейін сайлау учаскесіне өзі барып, таңдау жасайтын. Бұл жолы үйден дауыс беріп жатыр. Қожатай Сейітахметұлы 97 жаста. Майдангер 10 баладан 25 немере мен шөбере сүйіп отыр.

«Біз №611 учаскесінен келіп тұрмыз. Онда жалпы 2121 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 11-і үйде дауыс береді», -дейді №611 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Балдырған Жүкенова.

Жалпы бұл күні сайлау учаскелерінің өкілдері үйден таңдау жасауға ниет білдірген басқа да ардагерлерді аралады.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/f1f41f48-14cc-46af-88c2-ce5461eb8342.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x