СҚО-да сайлау өтіп, Сенат депутаты болып Әсем Рахметова сайланды

Солтүстік Қазақстан облысында кенеттен қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Сенат депутаты сайланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Парламенті Сенаты депутаттығының бос қалған мандатын иелену үшін облыстық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен 7 кандидат құжатын тапсырды. Олар:
– Мелехов Сергей Владимирович;
– Махиня Евгений Сергеевич;
– Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;
– Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы;
– Рафальский Анатолий Брониславович;
– Рахметова Әсем Қалашбайқызы;
– Қасенова Рауза Ивановна.

Алайда үміткерлердің екеуі ғана сайлауға түсті. Бірі өз еркімен кандидатурасын қайтарып алса, енді бірі тиісті құжаттарды толық ұсынбаған. Сайлау күні жиналғандар тек Әсем Рахметова мен Рауза Қасенова арасында таңдау жасады.

Дауыс беруге СҚО-дағы мәслихаттардың 193 депутатының 180-і қатысты, 13 депутат белгілі себептермен қатыса алмады.

Дауыс беру нәтижесінде Әсем Рахметова айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оны 180 депутаттың 134-і қолдаған. Ал, 6 депутат екі кандидатқа да қарсы болса, 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Тағы оқыңыз: Жас таланттарға Президенттің әдеби сыйлығы беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x