Петропавл саябағында әткеншектердің бірі істен шығып, балалар жарақат алған

Петропавлдағы саябақта «Жұлдызқұрт» (Гусеница) әткеншегі істен шықты. Салдарынан, балалар жарақаттанып, оларға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кеше «Мир аттракционов» ЖШС аумағында оқыс оқиға орын алды. Жоғары ауа температурасы мен үлкен жүктеме салдарынан әткеншектердің бірінің тежегіші істен шыққан. Салдарынан балалар мінген бірнеше кабина жерге құлап, балғындар жарақат алған. Оларға бірден медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазір «Жұлдызқұрт» («Гусеница») әткеншегі тоқтап тұр. Астана қаласынан сарапшылар келіп, істің мән-жайын анықтайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сайлау өтіп, Сенат депутаты болып Әсем Рахметова сайланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x