СҚО-да минералды жолақтарды жырту жұмыстары 5% ғана орындалған

СҚО-да өрттің алдын алуға бағытталған жұмыстар өте баяу жүргізіліп жатыр. Себебі, биыл елді мекендер айналасында 2102 км минералды жолақ жыртылуы тиіс еді. Алайда бүгіндері тек 125 шақырым жерде ғана тиісті шаруа тындырылған. Бұл туралы СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл өңірде өрт қауіпті кезең су тасқынына байланысты кеш басталды. Соған қарамастан 636 елді мекеннің тек 147-сінде ғана аумақтар қоқыстан, кепкен шөптен тазартылған. Ал былтыр осы аралықта қоқыс пен қураған шөптің жануының 98 дерегі тіркелген. 26,8 га аумақта 6 орман өрті болған.

«Соңғы үш жылда Қызылжар ауданындағы «Серебрянный бор» және «Золотая осень» балалар лагерлерінде екі рет өрт шықты. Сондықтан орман маңында орналасқан облыстағы 67 елді мекен, 15 сауықтыру лагері және 41 демалыс аймағы ерекше бақылауда болуы тиіс. Өңірде 15 сәуірден өрт қауіпі жоғары кезең басталды. Содан бері облыста жалпы көлемі 3,4 га аумақта құрғақ өсімдіктер мен қалдықтардың жануының 14 фактісі тіркелді», – дейді Дмитрий Растихин.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жедел жәрдем көлігі үйдің қоршауына барып соғылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x