СҚО-да есірткіні заңсыз сатқан азамат 10 жылға сотталды

Өңірде жалға алынған пәтерде заңсыз есірткі сатқан азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот алқабилердің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Айыпталушы И. салмағы 2,5 кг-нан асатын гашиштың оралған дозаларын, және 600 грамнан асатын кептірілген марихуананы сонымен қатар 13 гр. гашишты үлкен мөлшерде жалға алынған пәтерінде сақтаған. Есрткіні «Telegram» мессенджері арқылы сатпақ болған. Айыпталушы И.-дың кінәсі пәтерді тінту кезінде және ұялы телефонда есірткі сатып алу туралы хат алмасумен дәлелденді.
Сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3,5-тармағы бойынша орташа қауіпсіз мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ұялы телефоны қылмыс жасау құралы ретінде тәркіленді.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:Былтыр СҚО-да үй жануарлары иелері 779 рет заң бұзған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x